"Қазтелерадио" АҚ мүлкін сату аукционы 2026 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Онлайн-сауда-саттық
"Қазтелерадио" АҚ мүлікті сату бойынша алдағы аукциондар туралы хабарлайды

2026 жылғы 9 желтоқсаннан бастап мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталының электрондық сауда алаңы www.e-qazyna.kz сайтында мүлік сататын аукциондар өткізіле бастайтынын хабарлайды. Аукциондар онлайн режимде өткізіледі әрі барлық қатысушылар үшін сауда-саттық процесінің барынша қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Электрондық сауда алаңында Қоғамның сауда-саттығын ыңғайлы іздеу үшін «Қазтелерадио» АҚ-ның 000540002083 БСН-ін енгізу қажет.
Лотты қарау үшін «Қазтелерадио» АҚ-ның тиісті филиалына qtr.kz ресми сайтында көрсетілген телефон нөмірлері немесе 8 (727) 2444500 телефонына қосымша 2508, 1314 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз.
Сұрақтары бар жолданымдар ресми тәртіппен kazteleradio@kazteleradio.kz электрондық поштасы арқылы немесе қағаздағы түрінде Алматы қаласы, Әл Фараби даңғылы, 118, (кеңсе, 125-кабинет) мекенжайында қабылданады
Аукционға қатысуға Мемлекеттік емес мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу регламентінде белгіленген тәртіппен тіркелген кез келген заңды және жеке тұлғаларға, оның ішінде сауда-саттыққа жалпы негізде қатысуға ниет білдірген Қоғам жұмыскерлеріне (жеке тұлғалар) рұқсат етіледі.
Сауда-саттыққа қатысушылар ретінде мыналар қатыстырылмайды:
1) сауда-саттық өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген қатысушыларға қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;
2) ұйымдастырушы;
3) сатушы.

