Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қаріп өлшемі
Бейнелеу баптаулары
Видеоны жасыру
Ақ-қара режим

Даму стратегиясы

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы — Қазақстан Республикасының халқын эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы теледидар және радиохабар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық оператор.


Қызметтің стратегиялық бағыттары:


1. Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық ресурстарға тең әрі кепілді қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету:

— цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу және дамыту;

— жерсеріктік телерадиохабар тарату желісін дамыту;

— мемлекеттік радиохабар тарату желісін енгізу және дамыту;

— интернет-хабар таратуды дамыту;

— мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету.

  1. Қызмет көрсету нарығын дамыту:

— ЦЭТТ (цифрлық эфирлік телехабар тарату) желісіндегі республикалық телеарналардың хабар тарату торына аймақтық контентті ендіру;

— жерсеріктік байланыс арналарын пайдалана отырып, қызметтер аясын кеңейту.

  1. «Қазтелерадио» АҚ қызметінің тиімділігін арттыру және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру:

— қызмет тиімділігін арттыру және тәуекелдерді бағалау;

— адами ресурстарды басқару тиімділігін арттыру.


Қоғам қызметінің негізгі түрлері:

— телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету үшін меншікті, сондай-ақ жалға алынған ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін жобалау, салу, пайдалану және оларды қолдану;

— қолданыстағы телерадио хабарларын тарату және телекоммуникация желілерінің материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалану, оның ішінде арнайы және қорғаныс мақсатындағы телекоммуникация жүйелерін конверсиялау, оларды әлемдік озық технологиялық әзірлемелермен ықпалдастыру, осының негізінде заманауи ұлттық цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату жүйесін құру;

— көпбағдарламалы жерсеріктік, кабельдік және эфирлік теледидар мен радионы, соның ішінде мемлекеттік және коммерциялық телерадиобағдарламаларды, отандық және шетелдік өндірістің білім беру және оқу бағдарламаларын таратуды енгізу, пайдалану және осы бағытта қызметтер көрсету;

— жоғары сапалы теледидар және радиохабар таратумен қамтамасыз ету;

— телерадиохабар тарату саласында қызметтер көрсету, соның ішінде телевизиялық және радиобағдарламаларды бірбағдарламалы эфирлік трансляциялау және цифрлық теледидар мен радио желілері арқылы бағдарламаларды көпбағдарламалы эфирлік трансляциялау;

— телевизия, радиохабар тарату, жерүсті ғарыштық байланыс жүйелері, цифрлық телерадиохабар тарату және кабельдік теледидар саласындағы озық технологиялар негізінде техникалық құралдарды дамыту және жетілдіру;

— жаңа байланыс қызметтерін көрсету мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізу және телерадиохабар тарату құралдарын әзірлеу;

— Қоғам қызметінің негізгі түрлеріне сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды орындау.

Хабарламаңызды жазыңыз

Онлайн кеңесші